Текст
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз-халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында мектебімізде 8-9 сынып қыздарының арасында "Қыз өссе-елдің көркі" тақырыбымен қыздар байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты: ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді еске түсіру, ұлттық киімдерімізді дәріптеу. Қыздарымыз бұл байқауға асқан дайындықпен келіпті. Өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді өздеріне бір тәнтті етті.